$ 494.87  520.65  4.91

Шымкенттік жігіт келіншегінің нағашы ағасына қалай үйленіп алғанын айтты

Шымкенттік Хамит есімді жігіт сүйгенінің ағасына кетіп қалғанын айтып, жан сырын ақтарды. Ер азамат енді жақындарынан ұялып, елдің көзіне түспеуге тырысады деп жазады NUR.KZ.

Ал бұл уақытта 35 жастағы жігіттің әйелі жаңа күйеуімен бақытты ғұмыр кешуде екен.

«Біз Назеркемен екі жылдай кездестік. Содан кейін оған өз сезімімді білдіріп, үйленуге ұсыныс айттым. Оның бір баласы бар екеніне қарамастан, үйленгенбіз. Назерке ұлын жігітінен туған. Алайда ол баладан бас тартыпты. Осындай жағдайға қарамастан, біз бақытты едік», - деді өткенін еске алған Хамит.

Хамит сүйгенімен кездесіп жүргенін, оның баласы бар екенін жақындарына айтпаған. Тек үйленер алдын ғана туыстарына барлық шындықты айтып беріпті.

«Анам әрине қарсы болды. Ол менің үйленбегенімді алға тартып, тұрмысқа шықпаған қыз алу керектігін айтты. Мен оның қандай жақсы қыз екенін айтып, туыстарыммен әзер дегенде таныстырдым. Бірақ менің 60-қа тарта туысымның барлығы менің таңдауымды ұнатты. Солай той өткіздік. Кішкентай балақай да үйге жиі келіп тұратын. Жарты жыл бірге тұрғаннан кейін, қала сыртынан жер алдық. Балалы болуды да жоспарлаған едік», - дейді Хамит.

Үйіне қонақ жиі келетінін айтқан Хамит, алыс ағайынының бұл отбасыны жиі төңіректеуге айналғанын байқамай қалған.

«Бір күні Назерке үйден кетіп, телефонға жауап бермей қойды. Мен не болғанын түсіне алмадым. Бір аптадан кейін үйге келіп жылады. Ата-анасында қиындықтар туындағанын айтты. Осыдан кейін оны кешіріп, артық сұрақтар қоймадым. Алайда осы оқиға тағы да қайталанды. Мен әйелім үшін ұялдым. Ол екінші рет үйге қайтып келіп, заттарын жинады. Содан-соң ажырасуға арыз беретінін айтты. Ол өзге ер адамды сүйіп қалғанын жеткізді. Ал бір айдан кейін мен оның 40-тан асқан нағашыммен өмір сүріп жатқанын білдім», - деп жан сырын ақтарды Хамит.

Осы оқиғадан арада үш жыл өтсе де, Хамит Назеркені ұмыта алмаған.

«Осыншама масқараға қарамай, мен оны кешіруге дайынмын. Біз әлі күнге заңды некедеміз. Оны алып, ел көрмейтін, құлақ естімейтін бейтаныс жерге кетіп қалар едім», - деп оқиғасын аяқтады Хамит.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары