22.10.2018, 06:19

«Бірінде пышақ, екіншісінде тапанша»: Алматыда жүргізушілердің жанжалы видеоға түсіп қалды (ВИДЕО)

Алматыда суық қару ұстап жанжалдасқан жүргізушілер видеоға түсіп қалды. Кадрлар Instagram әлеуметтк желісіндегі autolife_almaty парақшасында жарияланды.

Автор оқиғаның Назарбаев даңғылында болғанын жазған.

Екі жүргізуші жолға таласып қалған болуы керек, бірі қолына пышақ ұстаған, екіншісі тапаншасымен әлгінің басына тақап тұр. Оқиғанын немен аяқталғаны белгісіз.