$ 494.87  520.65  4.91

Айымбетовті ғарышқа ұшыру жөніндегі келісімдер толық аяқталды

Роскосмос агенттігі мен Қазғарыш комитеті Айдын Айымбетовті ғарышқа ұшыру туралы келісімге қол қойды. Тарихи шара Мәскеу түбінде өтіп жатқан МАКС-2015 халықаралық әуе салонында жүзеге асты деп хабарлайды 24.kz.

Қазақстан атынан тарихи келісімге Қазғарыш комитетінің төрағасы Талғат Мұсабаев пен Роскосмос агенттігі басшысының уақытша міндетін атқарушы Александр Иванов қол қойды.

Бүгін, 26 тамызда Мәскеу түбінде өтіп жатқан халықаралық МАКС-2015 атты халықаралық әуе саланонында Қазақстан үшін өте маңызды, тарихи шаралардың бірі өтті.

Атап айтатын болсақ, Қазғарыш комитеті мен Ресейдің Роскосмос агенттігі арасында қазақтың ғарышкері Айдын Айымбетовті ғарышқа ұшыру жөніндегі қаржылық келісімшартқа қол қойылды.

Естеріңізге салып өтейік, аталған келісімнің бастапқы құны 50 млн АҚШ долларына бағаланған еді. Алайда бұл мәселеге президент Нұрсұлтан Әбішұлының тікелей араласып, бұл мәселе оң шешіліп, нәтижесінде келісімнің құны 30 млн АҚШ долларына төмендеді. Яғни бүгін бұл келісімнің құны 20 млн АҚШ долларын құрап отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары