$ 444.32  473.33  4.76

Астана мен МАГАТЭ уран банкін құру келісімін жасады

Бүгін Астанада Қазақстан Үкіметі мен Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) еліміздің аумағында төмен байытылған уранның банкін құру туралы келісімге қол қойды. 

Құжатты Қазақстан атынан ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов, ал МАГАТЭ жағынан ұйымның бас директоры Юкия Амано бекітті.

Атап айқанда, банк ШҚО-дағы Үлбі металлургиялық зауытының аумағында орналасады. Онда атом энергетикасының қажеттілігі үшін пайдаланылатын төмен байытылған уран сақталады. 
Қол қою рәсіміне Ұлыбритания, АҚШ, Қытай, Франция, Ресей өкілдері, сондай-ақ осы жобаның донор елдері болып табылатын Еуропа одағы, Кувейт, БАӘ өкілдері қатысты.

 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары