Алматыда мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының қаулысымен Денис Теннің өліміне қатысы бар деп күдіктелген азаматтарды қамауда ұстау мерзімі ұзартылды. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлайды.
Сот шешіміне сәйкес, Қылмыстық кодекстің 434-бабы, 24-бабы 3-бөлімі және 188-бабы, 2- бөлім, 1-тармағына сәйкес қылмыс жасады деп күдіктелген Жанар Толыбаеваны қамауда ұстау 15 тәулікке, яғни, 2018 жылдың 7 қарашасына дейін ұзартылды.
Ал Қылмыстық кодекстің 188-бабы, 2- бөлім, 2-тармағы мен 192-бабы, 2- бөлім, 1,5 тармақтары, сондай-ақ, 99-бап, 2- бөлім, 7,8 тармақтарына сәйкес қылмыс жасады деп күдіктелген Арман Құдайбергенге қатысты «күзетпен ұстау» мерзімі 15 тәулікке, яғни, 2018 жылдың 4 қарашасына дейін созылды.
Денис Тенді өлтірді деп күдіктелген азаматтардың үшіншісі, Қылмыстық кодекстің 192- бабы, 2- бөлімі, 1,4 -тармақтарына, 99-бап, 2- бөлім, 7,8-тармақтарға сәйкес қылмыс жасады деп күдіктелген Нұралы Қиясовқа қатысты «күзетпен ұстау» уақыты да 15 тәулікке, яғни, 2018 жылдың 3 қарашасына дейін ұзартылды.
Дереккөз: NUR.KZ