Өткен сенбіде Талдықорған қаласындағы «Жастар» спорттық кешенінде VI халықаралық ұлттық тағамдар фестивалі өтті деп жазады aikyn.kz.
Фестиваль Елбасы Н.Назарбаевтың 5 қазанда халыққа жолдаған Жолдауы мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру барысында Zhetysu Travel халықаралық туристік форумның шеңберінде өткізілді. Іс-шараның басты идеясы – Қазақстан халқының алуан түрлі тағамдарын дәріптеу арқылы, еліміздегі көп ұлтты халықтың достастығы мен бауырластығын нығайту. Осыған орай Алматы облысының белді деген туроператоры мен ұлттық табиғи саябақтар туристік бағдарламасымен бөлісіп, демалу орындары мен санаторияларда демалып қайтуға ұтыс ойыны да жүргізілді.
«Тадықорған – осы аймақтың орталығы. Қазақстан туризмінің көшбасшысы. Менің ойымша, бұл фестиваль осымен тоқтап қалмай, жалғасын табуы керек. Себебі, осы жердің өзінде әртүрлі ұлт бар. Олардың әрқайсысының ғасырлар бойы ұстанып келе жетқан ұлттық салт-дәстүрі бар. Осының жиынтығы ретінде осындай шара өткізіліп тұруы қажет», – деді «Kazakh tourism» компаниясының төрағасының орынбасары Тимур Дюсенғалиев.
Бұл шараның символы ретінде қазан бекерге алынбады. Қазан – әлемнің көп елінде асүйдің қасиетті атрибутына айналған. Сондықтан да ол жерде Алматы облысының 10 шақты мейрамхана мен дәмханасының ұлттық тағамдары шығарылды. Тіпті келген қонақтарға қазақтың ұлттық тағамдары: бешбармақ, бауырсақ, құрт, жент және т.б. дәмін татып, өз бағасын алу үшін тегін таратылды. Оның ішінде шырындар мен ұлттық сусындар да болды. Осы арқылы мейрамханалардың жетістігін аңғарып, бас аспазшылардың өнерімен танысып қана қоймай, бағалауға да мүмкіндік туды. Сонымен бірге, отандық өнімдердің артықшылығын көрдік. «Той қазан» фестиваліне келгеніме қуаныштымын. Әртүрлі мейрамханалар мен кафелердің дәмін татып, танысып өттік. Әсіресе, «Дәстүр» ЖК-нің ұсынған қой құлағы мен күріш қосылған, сиыр етінен жасалған қанды шұжығы өте дәмді екен. Сол жерде «Сельпо» дүкенінің ірімшігі ұнап, сатып алдым. Оған қоса бал мен бал сусынын да алдық. Соның арқасыма кім біледі, бірақ сол жерден алмаға да олжалы болдық. Ұйымдастырушыларға үлкен рақмет!», – деді Гүлнар Әбдірахманова. Шараның ашылу салтанатына Қазақстан халықаралық ассамблеясының жеті түрлі этномәдениеттің шеруімен басталды. Одан Сүйінбай атындағы филармония жеке бағдарлама бойынша шығармашылығымен елді тамсантты. Достық үйі арнайы ұйымдастыруымен «Бейбіт аспан аясында» атты балалар шығармашылығы өтті. Кешті әрлендіре түскен танымал этникалық шоу «Сарбарздар рухы» болса, жиналған халықты «Тойқазан таңы» атты театрландырылған көрсетілім тәнті етті. Артынан әр ұлттың ән шашуымен бірге, еліміздің танымал әншілері Ерлан Орынбасаров пен Баян Нұрмышева, Айдарбек Рысбек, Иса Алимуса және «Тигрохауд», «Хан-тенгри» топтары қатысты.
Анар ҚОНЫС