$ 447.4  477.55  4.76

Түркістан базарында баға тұрақты

Іс-сапармен Түркістан қаласының тыныс-тіршілігімен танысуға барған облыс әкімі сапар бағдарламасынан тыс Түркістан қаласының орталық базарын аралап, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасының негізсіз өсу фактілерінің жоқтығына көз жеткізді.

Сондай-ақ, бағаны тұрақтандыру жөнінде қала әкімдігі жанынан құрылған 7 жұмыс тобының жұмысына оң баға берді. Қала әкімдігіне бұдан әрі де әлеуметтік маңызы бар 33 азық-түлік тауарларына бағаны өсіруге жол бермеу туралы нақты тапсырмалар берді.

Еске сала кетейік, Бейбіт Атамқұлов жуырда ғана мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалған болатын. Ол бұған дейін Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысы лауазымында қызмет жасаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары