24.10.2018, 06:39

Синоптиктер алдағы күндері Қазақстанда ауа-райы жылы болатынын айтты

Синоптиктер 25-27 қазан күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК өкілдері.

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде жылы және жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

«Қазақстанның батысына Поволжья аудандарынан атмосфералық фронттар жылжиды, олар жауын-шашын, әсіресе жаңбыр және ауа температурасының төмендеуін тудырады. Республиканың қалған аумағында жақын арадағы екі тәулікте антициклон сақталады. Ол жылы және жауын-шашынсыз ауа райын ұстап тұрады. Максималды ауа температурасы плюс 8…15 градус, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста плюс 18…23 градус, кей жерлерде плюс 28 градус дейін болады деп күтіледі. Тек 27 қазанда солтүстік, орталық және оңтүстік облыстарда атмосфералық фронттардың келуімен кей жерлерде жаңбыр жаууы мүмкін», – деді «Қазгидромет» өкілдері.

Дереккөз: Tengrinews.kz