$ 447.4  477.55  4.76

Семей тұрғынын 2 жасар баласы балконға қамап тастаған

Кеше Семейдің құтқарушылары балконға қамалған жас әйелді құтқарып алды деп жазады Алтайньюс.

Қостанай көшесінің тұрғыны өз үйінің балконында қамалып қалады. Балконның есігін екі жасар баласы жауып тастаған екен. Үйге енді кіре алмасын білген ана көшеден өткен жүріншілерден құтқарушыларды шақырып беруін өтінеді.

Құтқарушылар бесінші қабаттың балконынан төртінші қабатқа түсіп, есікті альпинистердің құрал-жабдығымен ашып береді.

Ана осы уақыт ішінде үздіксіз жылаған баласын сонда ғана уатады.

Жас әйел, шамамен, 40 минуттай балконда тұрған екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Семей #балкон