$ 442.05  474.14  4.74

Қостанайда нанның ішінен тағы жаңқы шықты

Қостанай қаласының тұрғыны наннан бес сантимтер болатын ағаш жаңқасын тауып алған деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Арина Величко №5 ықшам ауданынан сатып алған батон нанынан жаңқа тауып алған. Оның сөзінше, ас атасы пакетке оралып тұрған екен.

Келіншектің айтуынша, олар түнде бөлкенің жартысын жеп, жаңқаны таңертең ғана байқаған.

«Біз нанды 18 қазан күні «Айна» дүкенінен сатып алдық. Ал одан 5 сантиметрді құрайтын жаңқа тауып алдық», – дейді келіншек.

Величко халыққа дүкендерден алған тауарларға мұқият қарау қажеттігін ескертеді.

Естеріңізге сала кетейік, Қостанайда осыған дейін де нанан ағаш жаңқасы табылған болатын. Ол кезде 14 жастағы қыз зардап шеккен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары