$ 481.84  531.33  5.07

Ақмола облысында оқушылар отырған автобус апатқа ұшырады

Ақмола облысында мектеп оқушыларын сабақтан кейін үйіне апара жатқан оқушы жол апатына түсті, балалар зардап шеккен жоқ деп хабарлайды құқық қорғау органдары.

Оқиға 23 қазан күні Целиноград ауданында болды. Автобус жүргізушісі сабақтан шыққан оқушыларды үйіне жеткізіп салмақ болады. Алдын ала нұсқа бойынша автобус екінші деңгейлі жолдан басты трассаға шығып кетіп, «ВАЗ-21099» автомобиліне соғылған. Нәтижесінде жеңіл көліктің жүргізушісі әртүрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Автобус салонында отырған оқушылар зардап шеккен жоқ.

Құқық қорғау органдары тексеріс жүргізіп жатыр.

Целиноград ауданындағы білім бөліміндегілер автобустың №1 мектеп оқушыларын үйлеріне белгілі бір маршрут бойынша апара жатқанын хабарлады. Автобус салонында бес бала мен ұстаз болған.

Дереккөз: Sputniknews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары