24.10.2018, 11:16

«Қазақмыс» қызметкері ер адамды қағып өлтірді

«Қазақмыс» корпорациясына тиесілі «Нефаз» автобусының жүргізушісі ер адамды қағып өлтірді деп жазады ekaraganda.kz.

Оқиға Теміртауға 1 шақырым қашықтықта Алматы-Қарағанды тас жолында болған. Жүргізуші рульге ие бола алмай, жол жиегінде тұрған ер адамды басып кеткен. Марқұм сол жерде жан тапсырды.

Қайтыс болған адамның кім екені әлі анықталған жоқ.