Жаңалықтар 24.10.2018 сағат 12:14  501

Ақтауда 10 ай бұрын жоғалып кеткен сарбаз табылмай жатыр

Ақтауда 10 ай бұрын суға батып кеткен Бейбіт Бәшіковтің денесі әлі табылмай жатыр. Ал сарбаз отандық борышын өтеген 2201 Б әскери бөлімі аталған мәселеге қатысты тіс жармай отыр. Бұл туралы теңізшінің анасы Гүлнәр Бәшікова айтты деп жазады "Лада"

Ақтауда 10 ай бұрын жоғалып кеткен сарбаз табылмай жатыр
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Келіншектің айтуынша, баласын іздеу жұмыстары бірнеше ай бойы тоқтап тұр.

«Алғашында маған сүңгірулердің видеосын жіберіп тұратын. Менің баламды іздеп жатырмыз деп айтқан. Бірақ қазір бірнеше ай бойы балам борышын өтеген бөлім басшылығына хабарласа алмай келемін. Ал тергеу жұмыстары еш нәтиже бермеді. Желтоқсанда оның жоғалғанын бір жыл болады. Кішкентай ғана айлақтан денені табу мүмкін емес пе, сонда? Мен «Нұр Отанға», Қорғаныс министрлігіне хат жолдадым. Алайда әлі барлығы тыныш", - деді Бәшікова.

Бейбіт Бәшіков өткен жылдың желтоқсан айында Баутин айлағына батып кеткен. Уақыт өте іздеу жұмыстарына көңілі толмаған сарбаздың анасы өз жанайқайын жеткізген еді.

Дереккөз: Nur.kz

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар