$ 494.87  520.65  4.91

ШҚО-да тұмау жұқтырғандар саны 9 мыңға жетті

Облыста жедел респираторлық-вирустық инфекция жұқтырғандардың саны бір жарым айда 9 мыңға жетіп отыр деп жазады Аltaynews.kz.

Бұл аурудың таралуындағы шекті сан емес. Өйткені эпидемиологиялық маусымның қараша айында басталатыны белгілі. Қуанышқа орай, облыста әзірше тұмау жұқтыру фактісі тіркелген жоқ.

Денсаулық сақтау басқармасы берген мәліметке сүйенсек, қыркүйек пен қазан айының бірінші жартысында облыс бойынша нақты 8990 адам ЖОВИ-мен сырқаттанған. Оның ішінде Өскеменде – 2672 адам, Риддерде – 1244, Глубокое ауданында – 1185, Зырян ауданында – 884, Шемонайха ауданында – 348, Бородулиха ауданында – 166, Ұлан ауданында – 28.

Айта кетсек, 2018-2019 жылдары А типіндегі тұмау вирусының екі тип тармағы – H1N1 (Мичиган) және H3N2 (Сингапур), сондай-ақ, В типіндегі Колорадо вирусы белсенділенуі мүмкін жеп болжануда. Бұлардың арасында Сингапур вирусы қауіпті болып табылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары