Әнші әрі актриса Анар Батырхан тұрмысқа шығатын жігіт іздейді. Бұл туралы ол «Алматы» телеарнасына берген сұхбатында айтты.
Әншінің талаптарына көз салсақ, жігіт емес, қыз іздеп жүргендей екен.
«Басы бос, жұмысы тұрақты, менің өнерімді түсініп, сахнаға шығаратын жігіт іздеймін. Балаға қарап, тамақ істеп отырса болды. Айлығы маңызды емес. Өзім табамын», - деген әнші ай сайын шамамен 1 миллион теңгеге жуық табыс табатынын айтты.
Еске сала кетейік, Анар Батырхан бұған дейін «тұрмысқа шық» деп қытығына тиетін желі оқырмандарына ашуланған болатын.