24 қазанда түнде Шемонаиха қаласында үйлердің бірінен өрт шықты. Жалын ауладағы ағаш құрылымдарды шарпыған деп хабарлайды ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Үйден шығып жатқан түтінді көрген көршілері өрт сөндірушілер қызметіне хабарласқан. Өрт орнынан түтінге уланып көз жұмған 1958 жылғы ер адамның өлі денесі табылды. Жалын 20 минут ішінде сөндіріліп біткен.
Өрттің шығуына мас күйінде тартқан шылымның қалдығы мен өрт қауіпсіздігі шараларын дұрыс ескермегендігі себеп болып отыр.
Дереккөз: «NewTimes.kz».