Алматы облысы Іле ауданында 10-сынып оқушысы пышақ жарақатынан көз жұмды деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы.
Оқиға Іле ауданының 90 жылдығын тойлауға арналған дайындық кезінде болған. Флешмобқа 600-ден астам оқушы қатысқан.
Жасөспірім жарақат алған кезде оған ешкім алғашқы медициналық көмек көрсетпеген. Марқұм көп қан жоғалтып, сол жерде қайтыс болған.
Дайындық кезінде стадион жанына кезекші полиция мен жедел-жәрдем көлігі болмаған. Осы қылмысқа қатысы бар деген күдікке колледж студенті ілігіп отыр.