Жаңалықтар 25.10.2018 сағат 11:13  533

Алматы қаласында тұрмысы төмен отбасыларға тұрғын үй көмегі көрсетіледі

Алматы қаласындағы аз қамтылған отбасыларға биылғы жылы тұрғын үй көмегін көрсетуге 54 миллион теңге қарастырылды деп хабарлайды Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының әлеуметтік төлемдер бөлімінің бас маманы Камшат Қошқарбаева.

Алматы қаласында тұрмысы төмен отбасыларға тұрғын үй көмегі көрсетіледі
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Алматы қаласы мәслихатының 2014 жылғы 2 маусымдағы № 232 шешімімен бекітілген тұрғын үй көмегінің мөлшерін анықтау және көмек көрсету Ережесінің негізінде тұрғын үй көмегі көрсетіледі. Бұл көмек коммуналдық қызметтерді төлеуге арналған шығындар отбасының жиынтық табысының 10 пайыздық үлесінен асатын жағдайда көрсетіледі. Яғни коммуналдық қызметтерді төлеуге арналған шығындар норма бойынша 13 мың теңге болса, ал табыс 80 мың теңгені құраса, отбасының жиынтық табысының 10 пайыздық үлесі - 8 мың теңге, демек тұрғын үй көмегіне 5 мың теңге шығады.

Тұрғын үй алаңының нормасы, адам басына 18 шаршы метрлік пайдалы алаңды құрайды. Ал бір бөлмелі пәтерде тұратындар үшін - иеленіп отырған тұрғын үйінің нақты пайдалы алаңына тең болуы тиіс.

Көрсетілетін қызметтерге тарифтерді (бағаларды) бекіту кезінде коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары табиғи монополияларды (монополистік қызметтерді) реттеу жөніндегі аумақтық уәкілетті орган қолданатын коммуналдық қызметті қолдану нормаларына тең.

Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) аудандық «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамның филиалы – Халыққа қызмет көрсету орталығына өтініш жазады. Өтінішке келесі құжаттар қоса ұсынылады:
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады);

2) өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын мекенжай анықтамасы;

3) отбасының табысын растайтын құжаттар;

4) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттың көшірмесі;

5) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттың көшірмесі;

6) телекоммуникация қызметтеріне арналған түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі.

Тұрғын үй көмегі жайында толықтай ақпарат алу үшін тіркелген тұрғылықты мекенжайыңыз бойынша Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының аудандық бөлімдеріне келесі мекенжайлар бойынша хабарласуыңызға болады:

Алатау ауданы: мекенжайы: Шаңырақ-2 ықшамауданы, Жанқожа батыр көшесі, 26 үй, тел.: 3953605;

Алмалы ауданы: Сейфуллин даңғылы, 577, тел.:261-02-81;

Әуезов ауданы: 3 ықшамауданы, Абай даңғылы, 41-а, тел.: 276-49-92;

Бостандық ауданы: Жандосов көшесі, 2 үй, тел.: 392-22-95;

Жетісу ауданы: Мақатаев көшесі, 142 үй, тел.:279-37-72;
Медеу ауданы: Төле би көшесі, 12 үй, тел.: 291-06-65;

Наурызбай ауданы: Қалқаман ықшамауданы, 24 үй, тел.: 383-55-82;

Түрксіб ауданы: Рихарда Зорге көшесі, 18 үй, тел.: 234-93-15.

Айта кетейік, 2018 жылдың 1 қыркүйегіне дейін 2242 отбасыға 40 миллион теңге көмек көрсетілді.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар