$ 448.89  477.93  4.76

Оралда зейнеткер 11 жылға бас бостандығынан айырылды

Оралда зейнеткер Асылзада Мерғалиева танысын өлтіргені үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылды деп жазады uralskweek.kz.

Судья Бақыт Ермахановтың айтуынша, осы жылдың 25 шілдесінде айыпталушы Мерғалиева өз үйінде марқұм Айгүл Абулхатинамен алкогольдік ішімдік ішкен. Сағат 16:00-те айыпталушы далаға шығып кетеді. Үйіне қайта айналып келсе, жуынатын бөлмесінен Абулхатинаның басын жуып жатқанын көрген. Танысына басқа біреудің үйінде рұқсатсыз жуынуға болмайтынын айтады. Алайда, жәбірленуші үйдің иесін жаман сөздермен балағаттаған. Ашуға булыққан Мерғалиева Абулхатинаға пышақ сұғып алады. Марқұм алған жарақатынан көз жұмған.

Мерғалиева ішімдікке жақын. Ол ем алуға мұқтаж.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары