$ 498.34  519.72  4.85

Атамбаев АҚШ-қа жоспарлаған сапарынан бас тартты

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев қыркүйектің соңына АҚШ-қа жоспарлаған сапарын доғарды. Президенттің баспасөз хатшысы Алмаз Үсеновтің Азаттықтың Қырғыз редакциясына хабарлауынша, Атамбаев сапардан 4 қазанда өтетін парламент сайлауына байланысты бас тартқан.

Атамбаев 2011 жылы желтоқсанда президент болып сайланғалы бері АҚШ-қа ресми сапар жасамаған. Оппозицияшыл депутат Равшан Жеенбеков президенттің сапарын доғару шешімін сынап, "Атамбаев сапарынан Ресейді ренжітіп алмау үшін бас тартты" деді.

Мәскеу мен Вашингтон арасы Ресей Қырымды аннексиялап алғаннан кейін суыған.

Қырғызстан тамыздың басында Ресей бастаған Еуразия экономикалық одағына мүше болған. Мұның алдында Бішкек пен Вашингтон қарым-қатынасы АҚШ мемлекеттік департаментінің қырғызстандық этникалық өзбек құқық қорғаушысын марапаттағанынан кейін нашарлай бастаған.

Бішкек кейін АҚШ-пен 1993 жылы жасалған ынтымақтастық туралы келісімді бұзған. Вашингтон ынтымақтастық келісімін бұзу Қырғызстанға жасалатын көмекке нұқсан келтіреді деп ескерткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары