Композитор Ескендір Хасанғалиевтің қайтыс болғаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарап кеткен болатын. Алайда, біраз уақыттан кейін әнші өзінің тірі, аман-есен екенін жеткізді. Ендігіде Ескендір Хасанғалиев өзін қайтыс болғаны туралы ақпарат таратқан басылымды сотқа бермек.
«Құрметті Халқым! Әлеуметтік желілерде таралған ақпарат – өтірік!!! Мен Оқжетпесте демалысымды өткізіп жатырмын. Жалған ақпаратты таратқан газетті сотқа береміз», – деді Есекендір Хасанғалиев өз Instagram-парақшасында.
Естеріңізге сала кетейік, өткен айда әншіге ота жасалған болатын. Қазір жағдайы жақсы, бір қалыпқа келгенін әншінің өзі растаған.