26.10.2018, 09:32

Ақтөбеде 9-сынып оқушысы сыныптасына пышақ сұғып алды

Ақтөбеде 9-сынып оқушылары бір-бірімен төбелесіп қалған. Сол сәтте біреуі қарсыласына пышақ сұғып алды деп жазады aktobetimes.kz.

Бұл оқиға 17 қазанда Кирпичный ауылында болған. Сағат таңғы 10:00 шамасында сыныптағы екі оқушы бір-бірімен сөзге келіспей қалады. Бастапқыда 9-сынып оқушлары арада туған дауды өзара сөзбен шешпекші болған. Алайда, оқушының бірі қалтасынан шығарған бәкі іспеттес пышақты қарсыласына сұғып алған.

Оқушылар небәрі 14-15 жаста. Пышақ жарақатын алған жеткіншек аман.