Жаңалықтар 26.10.2018 сағат 09:47  509

Атырауда ит пен сиыр құдыққа түсіп кеткен

Атырауда Батыс өңірлік аэромобильдік жедел құтқару жасағының қызметкерлері құдыққа түсіп кеткен ит пен сиырды құтқарды деп жазады ҚазАқпарат.

Атырауда ит пен сиыр құдыққа түсіп кеткен
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«Қала маңындағы Курилкино кентінің тұрғыны хабарласып, сиыры аузы жабық тұрған құдыққа түсіп кеткенін жеткізді. Құдықтың тереңдігі - 3 метр, кеңдігі - 1,5 метр болған. Құтқарушылар сиырды арқанмен тартып шығарды. Жануарға ешқандай зақым келген жоқ», - деп мәлімдеді «Батыс өңірлік аэромобильдік жедел құтқару жасағы» ММ баспасөз қызметі.

Құтқарушылар бұл аптада тек сиырмен шектелген жоқ. Авангард шағын ауданында тағы бір жануар, бұл жолы ит құдыққа түсіп кеткен.

«Ит қаңғып жүріп, аузы ашық тұрған 2 метрлік кәрізге түсіп кеткен. Құдықтың ішінде суы болған. Ал ит одан шыға алмай, үре берген. Оны шығарып алу үшін құтқарушыларға 5 минут жеткілікті болды. Итке ешқандай зақым келмеген», - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Жалпы, жыл басынан бері өңірлік құтқарушылар жасағы үй жануарларын құтқару үшін 14 рет шақырылған. 

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар