$ 494.87  520.65  4.91

Мәдениет және спорт министрлігінің қызметкерлері жемқорлық үстінде ұсталды

Мәдениет және спорт министрлігінің лауазымды қызметкерлері жемқорлық үстінде ұсталды деп жазады Zakon.kz.

Бір күн бұрын бұл жайындағы ақпарат желі арқылы тараған болатын.

«Астанадағы «Wall Street» мейрамханасында «Қазақпарат» директоры Қ.Ботбай және департамент басшысы Мәдениет және спорт министрлігінің қызметкері Дәржібаев Еренай, жауапты хатшы Уәлиев Қуатжан және тағы бес қызметкерге мемлекеттік тапсырыс бойынша келісімшартқа қол қою үшін 37 мың АҚШ долларын беріп қолға түсті», – делінген желіде тараған хабарламада.

Бұл туралы мәліметті Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова Астанадағы брифинг барысында растады.

«Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Басқа мәлімет ҚР ҚПК 201-бабының аясында таратылмайды. (...) Қосымша мәліметіміз болса, міндетті түрде хабарлаймыз», – деді МҚІСЖҚ ведомствоның ресми өкілі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары