Петропавлда жаяу жүргіншілер жолымен өтіп бара жатқан қала тұрғынын көлік қағып кетті. Қатты соққыдан жас жігіттің аяғы жұлынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Куәгерлердің айтуынша, қайғылы жағдай 3-емханаға қарама-қарсы бетте болған. Жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті.
Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі жол апаты орын алғанын растады. Олардың айтуынша, жүргізуші көп ұзамай ұсталған.
«Қизатов көшесінде жаяу жүргіншіні қағып, өзі қашып кеткен «Mitsubishi Montero Sport» көлігінің 30 жастағы жүргізушісі қолға түсті. Қазір тиісті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Медициналық куәландыру актісіне сәйкес, жүргізуші мас болған», - деп түсіндірді ПД баспасөз қызметі.
Аталмыш жол-көлік оқиғасы Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркелді.