$ 444.32  473.33  4.76

Алматы облысында ірі жол апаты болып, 21 адам зардап шекті (ВИДЕО)

Бүгін Алматы - Бішкек тас жолының 23-ші шақырымында ірі жол көлік оқиғасы болды. Салдарынан түрлі дене жарақаттарын алған 21 адам Қаскелеңдегі ауруханаға жеткізілген.

«Барлығы 21 адам дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Олардың бірі қазір жансақтау бөлімінде, алтауы ауруханаға жатқызылды. Ал, қалғандары бақылауымызда", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өкілдері.

Полицейлер болса микроавтобус пен автобустың соқтығысқанын айтып отыр. Жараланғандардың барлығы дерлік осы Mercedes-Benz Sprinter микроавтобусының жолаушылары екен. Қазір бұл жайтқа байланысты қылмыстық іс қозғалған.

ВИДЕО: inform.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары