29.10.2018, 04:05

Индонезияда жолаушылар ұшағы теңізге құлады

Индонезияда Lion Air әуе компаниясына тиесілі Boeing 737 ұшағы апатқа ұшырады деп жазылған Telegram-мессенджеріндегі Mash ақпараттық каналында.

Джакартадан Панкалпинангқа бет алған рейстен байланыс 10 минуттан соң үзілген. Құтқарушылар Ява аралының жағасынан ұшақ бөлшектері мен жолаушылардың заттарын тапты.

Бортта 188 жолаушының болғаны анықталды.