Қазақстан қор биржасында (KASE) дүйсенбі күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы Т+1 (USDKZT_TOM, келісім аяқталғаннан кейін келесі күнгі есебімен) 368,8 теңгені құрады деп хабарлайды KASE.
Жұма күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда, шетелдік валюта бағамы 0,14 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға - 368,3 теңге, ал ең жоғарғысы 369,2 теңге болған. Сауда көлемі 46,2 млн долларды құрады.
Жұма күні доллардың Т+1 есебімен орташа бағамы таңғы сессия қорытындысы бойынша 1 долларға 368,94 теңгені, күндізгі сессияда 368,37 теңгені, екі сессияның қорытындысы бойынша 368,54 теңгені құраған болатын. Сауданың жалпы көлемі 122,05 млн доллар болды.
Дереккөз: ҚазАқпарат