Жаңалықтар 29.10.2018 сағат 06:15  389

Оралда автокөлік ер адамды қағып кетті

Оралда бүгін автокөлік қағып кеткен ер адам көз жұмды деп жазады ҚазАқпарат.

Оралда автокөлік ер адамды қағып кетті
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, оқиға Достық даңғылы бойында Ю.Гагарин аялдамасы маңында орын алды.

«Жеңіл автокөлік шамамен 60 жастағы ер адамды қағып кеткен. Жедел жәрдемге қоңырау сағат 07.44-те шалынып, бригада бес минуттан кейін оқиға орнына жеткен. Бас пен мидың ашық жарақатын алған ер адам жедел жәрдем көлігінде, ауруханаға жетпей қайтыс болды», – деді А.Сақпосынова.

Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын өңірде биылғы тоғыз айда жаяу жүргіншілердің қатысымен 97 жол-көлік оқиғасы болып, соның салдарынан 10 адам қаза тауып, 91-і жарақат алғанын жазған болатынбыз.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар