$ 494.87  520.65  4.91

«Сергек» камерасының көмегімен бюджетке 1 млрд теңге қаржы түскен

«Сергек» фото - бейнетіркеу және бейнебақылау жүйелері көмегімен мемлекеттік бюджетке жалпы сомасы 1 млрд 270 млн теңге көлемінде қаржы түскен. Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Бұл жоба жол-көлік оқиғаларының саны 16%-ға, ЖКО-нан жаралану 22%-ға, жол-көлік оқиғасы салдарынанболатын өлімді 54%-ға төмендетуге мүмкіндік берді.

Естеріңізге сала кетейік, «Астана қаласында фото - бейнетіркеу және бейнебақылау аппараттық-бағдарламалық кешенді құру және пайдалану» жобасы 2017 жылы Астана қаласының инвестициялар және даму басқармасы мен «Астана Innovations» АҚ және «Көркем Телеком» ЖШС-нің арасында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасын іске асыру туралы келісімшарт аясында жүзеге асқан.

Жоба МЖӘ аясында жүзеге асқан және еліміз бойынша ақпараттық технология мен қауіпсіздік бағытында жасалған алғашқы келісімшарт. «Сергек» Назарбаев Университетінің ғалымдарын тарта отырып жасалған толығымен өзіміздің жүйе, оның негізіне машиналық оқыту желілерінің нейронды технологиясы қолданған.

МЖӘ жобасын іске асырудың нәтижесі қозғалыс ағынының мониторинг сапасын арттыру, сондай-ақ әкімшілік айыппұлдар есебінен жергілікті бюджетті толықтыру.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары