$ 494.87  520.65  4.91

Оралда тұрғын үй өртенді

Орал қаласында тұрғын үй отқа оранды деп жазады ҚазАқпарат.

Батыс Қазақстан облыстық ТЖ департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше А.Матросов көшесі, 31-мекенжайында орын алды.

Өрттің болып жатқаны жөнінде сағат 16.28-де хабар түскен.

Ол 1960 жылғы азаматшаға тиесілі 120 шаршы метрлік үйдегі жеке заттардың жануынан басталған. Алдын ала мәліметке қарағанда, электр сымдарының тұйықталуынан шыққан от қатты жанған.

Оқиға орнына өрт сөндірушілер дереу жетіп, «тілсіз жауды» ауыздықтауға барлығы 7 техника, жеке құрамнан 21 адам жұмылдырылды.

Өрт сағат 17.54-те оқшауланып, 19.44-те сөндірілді.

Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Қазіргі кезде өрттен келген шығын, кінәлілер анықталу үстінде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары