Жаңалықтар 30.10.2018 сағат 10:46  1326

Алматыда хиджаб киген 18 жастағы қыз жоғалып кетті

Осыдан екі күн бұрын Алматыда Абай атындағы мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің 2-курс студенті жоғалып кетті. Бұл туралы хабарландыруды бойжеткеннің ата-анасы Facebook әлеуметтік желісі арқылы хабарлады.

Алматыда хиджаб киген 18 жастағы қыз жоғалып кетті
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Хиджаб киген Бимариям Рымбек 28 қазан күні кешкі сағат 5-тер шамасында Алатау ауданына қарасты Ақбұлақ шағынауданындағы үйінен дүкенге шығып, сол күйі оралмаған. Ата-анасы сол күні полиция депатамертіне қыздарының жоғалып кеткені жайлы хабарлапты.

Бойжеткеннің ата-анасы әлгі дүкен иесінің 2 баласы мен әйелі болса да қыздарына көз салып жүргенін, бірақ оған өздері қарсы болғанын айтады. Ал дүкеншінің ағасы полиция майоры екен.

«Күдіктінің мекен-жайы белгілі. Арнайы жасақ тексеріс жүргізді. Бірақ қызды таппады. Ол қызға «бақытты етемін» деп СМС жазған. Егер баламыз екінші әйел болуға келіссе, онда неге оны ұстап отыр. Бимариям өте салмақты, үйден шықпайды, әлеуметтік желіге кірмейді. Суретке де түспейді. Тек жеке куәлігінде ғана суреті бар», - дейді бойжеткеннің ата-анасы.

NUR.KZ порталының хабарлауынша, Алматы қалалық полиция департаменті жоғалған Бимариям Рымбектің ісін жіті бақылауға алған. Қалған ақпараттар құпия.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар