02.09.2015, 09:31

«Самұрық-Қазына» топ-менеджерлерінің сыйақысына қатысты түсініктеме берді

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ Қазақстанның қор биржасында жария етілген қор басқармасының 345 млн. теңгеден астам бонусы туралы ақпаратқа түсініктеме берді.

«Самұрық-Қазына» басқармасының мүшесі Нұрлан Рахметовтің атап өтуінше, Ұлттық банктің ережелеріне сәйкес, барлық акционерлік қоғамдар жылдық қаржылық есептерімен бірге есепті жылда алынған атқарушы органның мүшелеріне төленген сыйақының жиынтық мөлшерін жария етуі тиіс.

«345,5 млн. теңге көлемінде сан - бұл жалақы мен жылдық бонусты қоса алғанда 2014 жылы қор басқармасының мүшелер алған сыйақының жиындық сомасы. Бұған қоса, 2014 жылы алынған жылдық бонус, бұл - 2013 жылдың жұмысы нәтижесінде менеджментке аударылған бонус. 2013 жылдың осы бонустары бірнеше мәрте талқыланған болатын. Бұл санға жеке табыс салығы мен аударымдар да қосылады. Сондықтан да, жалақы мен аударымдар сомасын алып бастар болсақ, 2013 жылғы басқарманың барлық мүшелеріне аударылған жылдық бонустың мөлшері 185,5 млн. теңгені құрайды. Қор басқармасында алты адам барын ескерсек, орташа жылдық бонус 31 млн. теңгеге тең», - деп түсіндірді ол.

Сонымен қатар Н.Рахметов сыйақы  нақты белгіленген (жалақы) және ауыспалы бөліктен (бонус) тұратындығын, ал жалақы кез келген қызметкерге, оның ішінде басқарма мүшелеріне де төленетіндігін атап өтті.

«Мұнан бөлек, кез келген қызметкердің алдына, сондай-ақ басқарма мүшелерінің алдына нақты мнідеттер қойылады. Сондықтан да әрбір қызметкерге, басқарма мүшесіне қызметіндегі 3-5 басты көрсеткіш жүктеледі. Мақсаттар мен сын-қатерлер белгіленеді. Қойылған мақсатқа жету-жетпеуің бонусыңның көлеміне әсер етеді. Біз мемлекеттік компаниялар жеке компаниялардан да жақсы жұмыс істегені қалаймыз. Егер мемлекеттік компания жақсы жұмыс істегісі келсе, ынталандыру сомасы мен сыйақысы да тым болғанда жеке компаниялармен тең болуы тиіс. Біздің сыйақы деңгейіміз ірі қазақстандық жеке компаниялардың деңгейінен айтарлықтай төмен. Егер одан да төмендететін болса, мұнда сауатты адамдар жұмыс істемейді», - деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, басқарма мүшелерінің жалақысы мен бонустық жүйесі Үкімет қаулысымен бекітілген және 2011 жылдан бері еш өзгермеген.

«ҚазАқпарат»