Қытай Халық Республикасы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өз елінде ілгерілетуге атсалысатын болады, деп хабарлады «ЭКСПО-2017» ҰК баспасөз қызметінен.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың ҚХР мемлекетті ресми іс-сапары аясында «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов пен Халықаралық саудаға жәрдемдесу бойынша Қытай комитетінің (ХСЖҚК) басшысы Цзян Цзэнвэй сәйкесінше келісімшартқа қол қойған болатын.
Қытайлық әріптестер еліміздің ұлттық компаниясына Шанхай қаласындағы ЭКСПО-2010 көрмесінің тәжірибесін ескере отырып, өзара кеңесу, ақпараттық-талдамалық, әдістемелік қолдау көрсететін болды. Оның үстіне, ХСЖҚК Астана ЭКСПО-2017 көрмесіне инвестиция тартуды өз міндетіне алды.
Меморандумға сәйкес, екі жақ коммерциялық және инвестициялық қызмет, туризм бағыттары мен бизнес-процестер саласында екіжақты ынтымақтастықты дамытуға келісті.
Меморандум ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін Қытай нарығында ілгерілетуде ауқымды қадам болары анық әрі, ҚХР инвестициялары мен туристерін барынша көрмеге тартуға мүмкіндік береді.
ХСЖҚК «Recommended by EXPO» бағдарламасына ЭКСПО-2017 ресми серіктесі ретінде қатысуды жоспарлап отыр.
Сонымен қатар, осы күні тағы бір мейлінше маңызды меморандумға ЭКСПО-2017 көрмесіне туристерді тарту бойынша «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ мен Қытай Халық Республикасының ірі туроператоры China Council for the Promotion of International Trade қол қойылды.
Бұл құжат ҚХР нарығындағы Астана қаласы мен ЭКСПО-2017 көрмесіне келушілерге арналған арнайы турпакеттердің және осы турпакет құрамында көрмеге қатысу билет сатылымының ілгерулеуіне ықпал етеді.
Анықтама үшін:
ХСЖҚК - 1952 жылы құрылған қытайлық сауда ұйымы. Оған өндіріс, мемлекеттің сауда саласындағы және басқа да ұйымдардың өкілдері кіреді. ХСЖҚК міндеттері сыртқы сауданы өрбіту және Қытайдың басқа елдермен сауда байланысын нығайту болып табылады. Комитетке 70 мыңнан астам қытайлық кәсіпорындар кірді.
CITS - 1954 жылы құрылған ҚХР ірі туроператоры. Қытай аумағында 122 филиалы мен кеңсесі және шетелдерде 150-ден астам филиалы мен өкілдіктері бар. Компания әлемнің 100-ден аса мемлекеттерінде 1400-ден аса туристік агенттіктермен жұмыс жасайды.