$ 443.85  474.3  4.8

Астана жылыту маусымына дайын

Астана қаласында алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары белсенді түрде жүргізіліп жатыр, деп жазады astana.gov.kz сайты.

Бұған дейін хабарланғандай, атқарылып жатқан жұмыстар аясында Астананың энергетикалық нысандарын модернизациялау жүргізілуде, электр жүйелері жөнделіп, коммуналдық қызметтер көп пәтерлі тұрғын үйлерді жылыту жүйесіне қосу шараларын іске асыруда.

Астана қаласы Энергетика басқармасының хабарлауынша, 2333 көп пәтерлі тұрғын үйлердің бүгінгі таңда 2162-сі орталықтандырылған жылыту жүйесіне қосылған. Олардың 2115-де (98%) жылыту маусымына дайындық жұмыстары толығымен аяқталды.

Бұдан бөлек, бекітілген жұмыс кестесіне сай электр жүйелерін жөндеу жұмыстарының бүгінгі таңда 70,7% аяқталды.

Еске сала кетейік, орта тәуліктік температура бес күн көлемінде +10˚С және одан төмен болып сақталған жағдайда жергілікті атқарушы орган жылыту маусымын бастау туралы шешімді қабылдайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары