31.10.2018, 09:28

Өскеменде бір мезетте 14 көлік бір-бірімен соқтығысты (ВИДЕО)

Өскеменде көпір үстінде бірнеше минут ішінде 14 көлік бір-бірімен соқтығысып қалған деп жазады ustinka.kz.

Алғашқы жол апаты Өскеменнің сол жақ жағалауындағы Каменогорский ауданындағы Сәтпаев даңғылында болды. Жеті шетелдік маркалы жеңіл автокөлік пен екі ВАЗ соқтығысқан.

Сондай-ақ, Протазанов және Мызы көшелерінің қиылысында Mercedes-Benz және Toyota Mark 2 маркалы көліктері соқтығысты.

Дәл осы уақытта ШҚО-ның полиция бөлімшесіне жақын жерде Mitsubishi, Subaru және Mercedes-Benz көліктері соқтығысу салдарынан жол апаты болды.

Алайда, бұл жол-көлік оқиғасын тудырушылардың аты-жөні әзірге белгісіз. Полиция қызметкерлері жол апаты қолайсыз ауа райынан болуы мүмкін деп болжады.