Балқашта 40 жастағы тұрғын өзін-өзі өртеп жіберді. Ер адам ауыр халде бірден ауруханаға жеткізілген деп жазады NUR.KZ.
27 қазан күні ол үстіне жанармай құйып, өзіне қол жұмсамақ болған.
40 жастағы азаматтың бұл қадамға баруына не түрткі болғаны әзірге белгісіз.
Өмірмен қош айтыспақ болған ер адам аса ауыр жарақат алып, бірден ауруханаға жеткізілген.
«1978 жылғы азаматтың жағдайы ауыр. Оның денесінің 75%-ы күйік шалған. Бүгін ол Мақажанов атындағы ауруханаға жеткізілуі тиіс», - деді Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы.