$ 494.87  520.65  4.91

«Шаршадым»: Анасын еске алған Бейбіт Қорған желіге жантебірентерлік жазба қалдырды

Үйленген кезінде «Келіншегім анама ұқсайды» деп жар салған Бейбіт Қорған желідегі парақшасына анасына арнап өлең шумақтарын жазды.

Әнші анасының билеген видеосын жариялап, оған деген сағынышын жеткізді.

«Анашым, сезесің бе шаршадым, Қара түнде жамылып ап көрпені, Еске алумен, жылауменен сені аңсадым!

Анашым, сезесің бе шаршадым, Мейірімі керек емес маған басқаның. Сенің ғана сөздеріңе зәрумін, Сені ғана сағынып, мен аңсадым! Туған күніңіз құтты болсын, анашым!», - деп жазды ол.

Желі қолданушылары әншіге сабыр тілесті, көңілсіз смайликтер жолдады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары