Шаһар әкімі Бақыт Сұлтанов онлайн конференция арқылы Астананың көкейтесті мәселелерін көтеріп, тұрғындардың сұрақтарына жауап береді деп хабарлайды елорда әкімдігі.
Әкімдіктің хабарлауынша, қала басшысының қатысуымен өтетін онлайн-форумда бірқатар маңызды мәселелер қаралады.
Атап айтқанда, әкімдіктің жемқорлықпен күрес және мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша қабылдаған шаралары, мемлекеттік қызметшілердің жалпыға тән моральдық-этикалық нормаларды сақтауы және құрылыс саласын дамыту мен Астана қаласының сәулеті талқыланады.
Сонымен қатар, жолаушы тасымалдау бойынша қаладағы көлік кәсіпорындарының проблемаларын шешу және автомобиль жолдарының жағдайы, сондай-ақ, жергілікті бюджетті толықтыру мен Астанадағы коммуналдық меншіктің хал-жағдайы сөз болады. Форумға қатысқысы келетіндер e.gov.kz сайтындағы «Ашық диалог» - интернет конференция парақшасына электронды цифрлық қолтаңба арқылы кіре алады. Басталу уақыты: 2 қараша, 2018 жыл, сағат 09:00-15.00 аралығында.
Дереккөз: ҚазАқпарат