$ 439.43  473.31  4.82

Головкин мен Канелоның үшінші жекпе-жегі мамырда өтуі мүмкін

The Ring журналының тілшісі Майк Коппинджер қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварестің үшінші кездесуі қашан өтуі мүмкін екенін атады.

Бұл туралы Sports.kz порталы жазады.

«Канело» сияқты, Джейкобс та DAZN ТВ-платформасында күтілуде. Ол 4 мамырда сол жерде Альвареспен алғашқы жекпе-жегін өткізуі мүмкін. Мұнан кейін DAZN-ның атқарушы директоры қыркүйек айында Головкин мен Альварестің үшінші жекпе-жегін көргісі келеді», – дейді Коппинджер.

Бұған дейін Сауль Альварес қазақстандық Геннадий Головкинмен өтуі мүмкін үшінші жекпе-жекке қатысты пікір білдірген еді.

Еске сала кетсек, 16 қыркүйекте Лас-Вегастегі T-Mobile Arena-да 12 раундқа жоспарланған Головкин – «Канело» жекпе-жегі толық өтті. Кездесуде кімнің жеңіске жеткенін төрешілер шешіп, ұпай саны бойынша жеңісті Сауль Альвареске берді (115-113, 115-113, 114-114). Осылайша, отандасымыз  Геннадий Головкин спорттық мансабында алғаш рет жеңіліс тауып, орта салмақ дәрежесіндегі WBA Super, WBC және IBO нұсқалары бойынша чемпиондық белбеулерінен айырылды.

Дереккөз: Stan.kz 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары