$ 494.87  520.65  4.91

«Ішімдікті қою қиын болды»: Байзақова жүктілік кезеңіндегі жағдайын айтты

Жақында ғана күтпеген жерден жүкті екенін, кейін күйеуінен ажырасып кеткенін мәлімдеген Айжан Байзақова аяғы ауырлағалы бастан кешіріп жатқан күйі жайлы баяндады.

Байзақоваға соңғы кездері қыздар жиі сұрақ қоятын болыпты.

«Қыздар жүктілігім жайлы білген соң неше түрлі сұрақ қойып жатыр. Жеріктік, таксикоз. Иә. Таңертең аздап жүрегім айниды. Ішім қыркүйек айында біліне бастады.

Бәрінен де ішімдікті қою қиын болды. Көпке дейін күйзелісте жүрдім. Бір-екі рет шыдамай кетіп, түнгі клубқа бардым. Бірақ ішімдік емес, шайға тапсырыс бердім», - деп жазды ол желідегі жазбасында.

Еске сала кетейік, былтыр желтоқсан айының соңында Байзақова Алматыдағы Алмалы аудандық сотының шешімімен әкімшілік құқық бұзғаны үшін 3 күнге қамауға алынған еді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары