$ 514.65  544.6  5.17

Мәдениет министрлігі қызметкерлерінің парамен ұсталған сәтінің видеосы жарияланды (ВИДЕО)

Сот санкциясымен департамент директоры Еренай Дәржібаев үйқамаққа алынды. Бұл туралы бүгін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша ұлттық бюрода өткен брифинг барысында Жанна Бастарова айтты деп жазады Sputniknews.kz.

Сот жауапты хатшыға қатысты  6 миллион теңге көлемінде кепіл бекітті. Ол  лауазымнан уақытша шеттетілді. 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы мәдениет және спорт министрлігі жауапты хатшысы мен әкімшілік департаменті директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Олар мердігерлік ұйымдар арқылы мемлекеттік сатып алу шартын жасасты және жалпы қамқорлық үшін пара алды деген күдікке ілініп отыр», – деді агенттіктің ресми өкілі Жанна Бастарова. 

Сөз соңында агенттік өкілі тергеу амалдарының әлі де жүргізіліп жатқанына орай өзге деректерді жария ете алмайтынын жеткізді.

Естеріңізге сала кетсек, 26 қазан күні мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Мәдениет және спорт министрлігінің лауазымды тұлғалары ұсталғанын хабарлады. Бірақ агенттіктің ресми өкілі қанша адамның ұсталғанын нақтылаған жоқ. Ол қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын, басқа ақпараттың заңға сәйкес жария етілмейтінін жеткізді. Ал кейін Астана сотының баспасөз қызметі министрліктің әкімшілік департаментінің директоры Еренай Дәржібаевтың 24 желтоқсанға дейін үйқамаққа алынғанын хабарлады.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары