Ұлттық бюро Астана қалалық Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары мен «Әуежай Астана» кеден бекеті басшысының зергерлік бұйымдар контрабандасымен ұсталғанын хабарлады. Бұдан бөлек, бұл іске аталған бөлімнің бас маманының да қатысы бар деп жазады NUR.KZ.
Күдіктілердің зергерлік бұйымдардың контрабандалық жолмен кедергісіз өтуі үшін пара алғаны туралы хабарланған. Олардың үшеуі де қамауға алынып, тергеу ісі жалғасуда.
Күдіктілер қылмыс үстінде қолға түскен. Олар параны қолына ала салысымен қамауға алыныпты. Ұлттық бюро ұсынған видеода қызметкерлердің алдында бума-бума долларларды қойып жатқанын көруе болады.