26 жастағы бойжеткен отбасылы, бала-шағасы бар ер адамға ғашық боп қалғанын айтып көптен көмек сұрады. Ақыл сұрар адам таппаған ару жан сырын желідегілерге ақтарды.
«Мен 26 жастамын. 25 жастағы 3 баласы бар еркекке ғашык боп калдым. Сезімім сөнер емес. Сіздерден ойларыңызды білгім келеді. Білем дұрыс нәрсе емес. Бірақ жүрекке əмір жүрмейді. Мен оған ажырас не болмаса отбасыңды таста деп жатқан жоқпын. Өзім окыған адаммын. Тағдырым осылай болады деп үш ұйықтасам да түсіме кірмепті. Басым əбден катты.
Ол да мені ұнатады. Əйелін, бала-шағасын ойласам да жиіркенер түрім жоқ. Не айтасыздар? Кімде осындай жағдай болды?», - деп жазды ол Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшалардың бірінде.
Айта кетейік, бұған дейін «Сексті те қалауынан тыс істейтін сияқты» деп тұрмыс құрғанына 5 жыл болған әйел жұрттан кеңес сұраған еді.