$ 439.43  473.31  4.82

Сотталушы жылап жіберді: Шымкентте «туыстарын өлтірген» жігітке сот үкімі шықты

Шымкент қалалық мамандандырылған ауданаралық соты «туған анасы мен нағашы атасын пышақтап өлтірген» 24 жастағы Райымбек Раxатты 15 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды деп жазады Азаттық.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, судья Абинұр Қарабаев 1994 жылы туған Райымбек Раxатты Қылмыстық кодекстің 99-бабымен («адам өлтіру») айыпты деп тану және жазасын қатаң тәртіптегі түзеу мекемесінде өтеу туралы үкім кесті.

Сот материалдары бойынша, Райымбек Раxат биыл сәуірдің 3-і күні күні «өз үйінде анасы мен нағашы атасын асxана пышағымен өлтірген» деген күдікпен қамауға алынған. Ол бұрын сотталмаған, үйленбеген.

Сот залында көзіне жас алып «Не үшін?» деген сотталушы Райымбек Раxат тағылған айыппен келіспейтінін айтты.

Сотталушының туыстары Азаттыққа тергеу амалдары «дұрыс жүргізілмегенін», апелляциялық шағым түсіретінін мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары