$ 498.34  519.72  4.85

Ақтөбе облысында белгісіз біреулер анасы мен ұлына оқ жаудырды

Ақтөбе облысында Темір ауданындағы Шұбарқұдық ауылында белгісіз біреулер анасы мен ұлына өз үйлерінде оқ жаудырды деп жазады «Актобе Таймс».

Бұл оқиға 30 қазанда түнде болған. Полицияға ауылдағы фельдшер дәрігері хабарласыпты.

Шабуыл салдарынан 60 жастағы әйел мен 1995 жылғы ұлы зардап шеккен. Жәбірленуші ер азамат бұрын сотталған болып шықты. Полицияның болжамы бойынша, қарақшылар сол жас жігітті өлтіруге келген болуы мүмкін. Алайда, атыс салдарынан анасы көбірек зардап шекті.

Оқ әйелдің екі қолы және кеуде қуысы, ішін жарақаттады. Ол шұғыл орталық аудандық ауруханаға жеткізілген. Ал ұлының оқ сол иығына тиген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары