$ 494.87  520.65  4.91

Қарағанды облысында күйеуі әйелін ұрып, жағын сындырып жіберді

Шахитинск қаласының тұрғыны азаматтық некедегі әйелін ұрып, жағын сындырды деп жазады Nur.kz.

Азаматтық некеде тұратын ерлі-зайыптылар бір-бірімен ұрысып қалған. Оның арты төбелеске ұласыпты. Күйеуі әйелінің шашынан тартып, беті мен басынан бірнеше рет ұрған.

Соққының салдарынан әйелдің жағы сынып, беті көгеріп қалған.  

Бұл оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарды жүргізілуде. ҚР-ның Қылмыстық кодексі «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша ер адам екі жылға бас бостандығынан айрылуы немесе айыппұл төлеуі мүмкін еді. Алайда, жәбірленуші жазған арызынан бас тартып, азаматтық некедегі күйеуіне кешірім берген.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары