Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Жаңаталап ауылының әкімдігі өртенді деп хабарлайды ҚР ІІД ТЖК-нің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
Төтенше жағдай жайлы хабар таңғы сағат 07:15-те түскен. Өрт сөндірушілер 45 минутта оқиға орнына жетіп, қызыл жалынды сағат 09:00-де толық өшіріп үлгерді.
Өрт 81 шаршы метр аумақты алды.
Тілсіз жауды тоқтатуға 5 өрт сөндіруші мен 7 ерікті адам және 1 техника жұмылдырылды.
Қаза тапқандар мен жапа шеккендер жоқ. Оқиғаның себебі анықталып жатыр.
Дереккөз: NewTimes.kz