$ 446.49  475.38  4.79

Баян Алагөзова Бақытбектен «таяқ жегеннен» кейін бұзылған мұрнын түзетті

Танымал продюсер Баян Алагөзова бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаевтан «таяқ жегеннен» кейін бұзылған мұрнын түзетті. Бұл туралы ол өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеді.

Алагөзова Stories-ке «Мұрным қалпына келді» деп қуанышын жеткізген.

Еске сала кетейік, осыдан 2 жыл бұрын Баян Алагөзова күйеуінің көзіне шөп салғаны үшін Бақытбек Есентаевтан оңбай «таяқ жеген». Есентаев қазір түрмеде жазасын өтеп жатыр. Ал Тұрсын Алагөзовке тұрмысқа шыққан продюсер отбасылық кикілжіңнен кейін зақымдалған түр-әлпетін түзеумен әлек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары