$ 498.34  519.72  4.85

Баян Алагөзованың қызы өзін сынайтындарға жауап берді

Танымал продюсер Баян Алагөзованың қызы Айсәуле Бақытбек те әлеуметтік желіде жиі сынға ұшырайтын жандардың бірі. Көпшілік оның киген киімінен бастап жүріс-тұрысына дейін мінеп жататыны жасырын емес. Айсәуленің өзі болса осы сынаушыларға жауап берді.

«Бір қызығы, маған жағымсыз пікір жазатын әйелдер – бақытытты әйелдер. Әдейілеп сол кісілердің парақшасын ашып қарадым. Күйеуі, бала шағасымен, «бақыттымын» деп пост жазған. Иә, расында өмірлеріңізге риза екенсіздер, онда менде не ақыларыңыз бар? Мәселен, мен бақытты әйелдердің жазбасына жағымсыз пікір жазбаймын. Қайта қызығып қараймын да қоямын, – дейді Айсәуле Бақытбек.

Айта кетейік, Баян Мақсатқызының бірінші күйеуі Бақытбек Есентаевтан екі қызы бар, үлкені осы Айсәуле болса, кішісі – Айару.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары